Басшылары және қосымша білім беру педагогтерінің секциялық кездесуі КМҚК «Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебі «Балалар технопаркі» базасында өтті.
Секцияның тақырыбы: «Конституциялық кепілдіктер және тұлғаның дамуы: Адами капитал сапасын арттырудағы қосымша білім берудің рөлі».
Кездесу барысында 2026–2027 жаңа оқу жылына арналған стратегиялық міндеттер және білім сапасын арттырудың өсу нүктелері талқыланды.
Спикерлер ретінде Тихомирова И.А., Макухина О.А., Рахманенко С.И., Харьковская З.Р., Рязанова В.Г., Авдеенко М.В., Бельгибаева Б.Т., Искакова А.С., Сотник А.Я. сөз сөйледі.
Теміртау қаласының педагогтері мен секция қонақтары кездесудің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, ерекше шығармашылық атмосфераны және тәжірибе алмасудың нәтижелі болғанын атап өтті. Ең бастысы, жаңа оқу жылы қарсаңында қатысушылар үлкен шабыт, жаңа әдістемелік кейстер мен тың идеялар алды.
Кездесу қорытынды шығарумен, ұсынымдар қабылдаумен және қатысушыларға сертификаттарды салтанатты түрде табыстаумен аяқталды.