«Нұршуақ» қосымша білім беру ұйымдары қауымдастығының қызметі аясында 22 қазанда «Балалар технопаркі» балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылық мектебінде «Қосымша білім берудегі STEAM - зертханалар: идеялар мен шешімдер» атты қалалық семинар өтті.
Іс - шараға Теміртау қаласының қосымша білім беру ұйымдарының директорлары, директорлардың орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
Семинар барысында қатысушыларға жаңадан жабдықталған және жаңғыртылған кабинеттер мен заманауи құрал - жабдықтар таныстырылып, қосымша білім беру жүйесінде STEAM бағыттарын дамытудың мүмкіндіктері мен перспективалары талқыланды.
Қонақтар семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, оқыту үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізудің және STEAM - технологияларын дамытудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.
Аталған іс - шара балалар мен жасөспірімдер арасында техникалық шығармашылықты дамытуға, тәжірибе және идеялар алмасуға арналған тиімді диалог алаңы болды.