Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
  • Жаңалықтар
  • Құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Қамқоршылар кеңесі
  • Фотогалерея
  • Байланыстар
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    28 қараша күні «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының делегациясы техникалық шығармашылық мектебі - «Балалар технопаркіне» барып, Қарағанды облысының қосымша білім беру ұйымдарында STEM-білім беруді енгізу жобасының іске асырылу барысымен танысты.

    Делегация құрамына:

    • Шинкісбаева Лаззат Алтынбекқызы - «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы;
    • Бейсеева Гаухар Халилқызы - Қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары, дипломатиялық қызметтің еңбек сіңірген қайраткері;
    • Абенов Мұрат Абдуламитович - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қамқоршылық кеңесінің мүшесі кірді.

    Сапар барысында қонақтар технопарктің білім беру бағдарламаларымен, зертханалық жабдықтарымен, сондай-ақ оқушылардың инновациялық жобаларымен танысты. Ерекше назар STEM-оқыту әдістерін енгізу үдерісіне және балалардың инженерлік, цифрлық және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған жұмысқа аударылды.