Техникалық шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері Дмитрий Трушкин мен Мақсат Самратты және DroneLab зертханасының жетекшісі Сергей Николаевич Қытмановты «AITU KazRoboDrone 3.0»халықаралық байқауында дрондармен жарысу және ұшақтарды модельдеу бойынша іріктеу кезеңінде жүлделі орындарға ие болғандарымен құттықтаймыз!
Байқауларға қатысу балаларды жаңа идеяларға итермелеп, командалық рухты дамытып, технологиялар әлеміндегі үлкен жетістіктерге жол ашсын.
Педагогқа шығармашылық қуат пен жұмыстан шабыт, ал балаларға табандылық, өзіне деген сенім мен жарқын жеңістер тілейміз!