Балалар мен жасөспірімдердің техникалық шығармашылығы мектебі «Детский технопарк» 10 сәуір күні қосымша білім беру педагогтарына арналған STEAM Workshop өткізу алаңына айналды.
Спикер ретінде STEAM және PBL-тренер Рустем Ермеков @qazaqstem сөз сөйлеп, заманауи білім беру әдістерін енгізудің практикалық тәсілдерімен бөлісті.
Воркшоп аясында екі негізгі тақырып қарастырылды:
«Шеберхана - экожүйе ретінде: хоббиден инженерлік ойлауға дейін»
«PBL: жалықтыратын рефераттан әлемді өзгертетін жобаларға дейін»
Іс-шараға Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларынан қосымша білім беру педагогтары шақырылды. Сонымен қатар «Қазақстан Халкына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қорының қолдауымен жаңа жабдықтар алған мекемелердің өкілдері қатысты. Осыған байланысты бұл оқыту жаңа ресурстарды білім беру үдерісінде тиімді пайдалануға бағытталған маңызды қадам болды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен заманауи білім беруді дамытуға деген ұмтылысы үшін алғыс білдіреміз!