Балалар технопаркі "балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі" КМҚК - нына жұмыс сапарымен «Білім беруді тұрақты дамыту» қоғамдық қорының өкілі Күләш Ноғатаевна Шамшидинова және Қарағанды облысы білім басқармасының өкілдері келді.
Сапар барысында қонақтарға технопарктің қызметі, жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар мен техникалық шығармашылық бағыттары туралы толық ақпарат ұсынылды. Делегация мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып, жаңартылған оқу кабинеттерін, робототехника, 3D модельдеу, бағдарламалау және өзге де бағыттар бойынша жабдықталған зертханаларды көрді.