14 тамыз күні “Балалар технопаркі” балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі “ КМҚК педагогтері «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» педагогтердің республикалық тамыз саммиті аясындағы қосымша білім беру педагогтерінің панельдік секциясына қатысты. Қосымша білім беру педагогтерінің панельдік секциясының тақырыбы: “ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ КӘСІБИ БАҒДАРЛАУ МИССИЯСЫ: ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАН – БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАУ” Іс-шара барысында қосымша білім беру саласындағы кәсіби бағдар берудің өзекті мәселелері талқыланды. Бағдарламада келесі бағыттар қамтылды:
* Түлектердің жеке оқиғалары — «Тағдырыма айналғанқосымша білім»
* Педагогикалық тәжірибе - «Педагог - мамандыққа бағыттаушы: Қосымша білім тәжірибесі»
* Диалог алаңы Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы.