Біздің техникалық шығармашылық мектебімізде кеме модельдеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының Қысқы чемпионаты аяқталды.
Баршаңызды осындай маңызды республикалық жарыстардың аяқталуымен құттықтаймыз! Бұл күн инженерлік шығармашылықтың, шеберліктің және спорттық рухтың нағыз мерекесіне айналды.
Бізге еліміздің түкпір-түкпірінен дарынды балалар мен шабыттандыратын педагогтар жиналды:
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Түркістан облыстары, Астана қаласы, сондай-ақ Шахтинск, Қарағанды және Теміртау командалары.
Әр қатысушы еңбегі, талпынысы және жеңіске деген ұмтылысы үшін - медаль мен диплом марапатталды.
Жалпыкомандалық есеп бойынша:
1 орын - Батыс Қазақстан облысының командасы
2 орын - Ақтөбе облысының командасы
3 орын - Қарағанды облысының командасы
Барлық қатысушылар мен педагогтарға лайықты күрес пен жарқын эмоциялар үшін алғыс айтамыз!
Жаңа бастамалар мен сәтті жел тілейміз!
