8 қыркүйек күні «Қазақстан халқына» ҚҚ ұйымдастырған өңіраралық баспасөз туры аясында «Балалар технопаркі» балалар мен жасөспірімдер техникалық шығармашылық мектебі» КМҚК-на сапар ұйымдастырылды. Іс-шараның қонақтары журналистер, блогерлер, сондай-ақ қалалық білім бөлімі, «Қазақстан халқына» ҚҚ және Білім берудің тұрақты дамуы қорының өкілдері болды.
Сапар барысында қонақтар мектептің жұмысымен танысып, оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап көрді. Әр кабинетте сабақтар өтіп, педагогтар балалармен бірге түрлі жобалар мен техникалық әзірлемелер бойынша белсенді жұмыс жасады. Баспасөз турына қатысушылар заманауи технологиялар мен әдістемелердің білім беру үдерісінде қалай қолданылып жатқанын өз көздерімен көріп, оқушылар және ұстаздармен тілдесу мүмкіндігіне ие болды.
Іс-шара қорлар тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нәтижелерін, сондай-ақ өскелең ұрпаққа техникалық білім беруді дамытуға инвестиция салудың маңыздылығын айқын көрсетті.