2025 жылғы 20 мамырда үш өңірдің: Шахтинск, Абай және Осакаровка педагогтары үшін Zoom платформасында онлайн шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбының тақырыбы - «Кәсіптік бағдарлау ойыны арқылы кәсіптік бағдарлау сауаттылығын дамыту».
Іс-шараның авторлары мен жүргізушілері «Теміртау қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Е. К. Құдайбергенова және оқушылармен кәсіптік бағдарлау жұмысы саласында озық педагогикалық тәжірибе ұсынған «Балалар технопаркі» БмЖ ТШМ КМҚК техникалық шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Т.И.Луконина болды. Іс-шараға қатысушылар оқушылардың саналы түрде мамандық таңдауын дамытуға бағытталған білім беру процесіне кәсіптік бағдарлау ойындарын енгізу бойынша практикалық ұсынымдар мен әдістемелік құралдарға ие болды.
Шеберлік сыныбы интерактивті форматта өтіп, тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды және түрлі өңірлерден келген педагогтар арасында тәжірибе алмасу алаңына айналды.