Жүгіру жолы
Кіру
AA+
Жүгіру жолы
AA+
  • Жаңалықтар
  • Құжаттар
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Қамқоршылар кеңесі
  • Фотогалерея
  • Байланыстар
  • +7 (777) 777-77-77
    Вход в аккаунт kz

    2026 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізіледі.
    Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасынын,қамқорлығынсыз қалған балаларға балаларды мектепке дайындау және киім-кешек, аяқ киім, кеңсе тауарларын алып беруге қолдау керсету. 
    Қайырымдылық, көмек белгілі бір отбасындағы балаларға мектепке қажетті заттарды беру көмегі ретінде беріледі. Акция аясында “Материалдық көмек көрсетемін” деген жанашыр, жомарт жүрек адамдар болса балаларға көмек беруге шақырамыз. Балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсетуге ниет білдіргендер тікелей мектептерге жүгіне алады. Әр бала мектепке сеніммен және қуанышпен баруы үшін күш біріктірейік!
    Балалардың жарқын болашағына бейжай қарамайтын барша азаматтарды, кәсіпкерлер мен ұйымдарды акцияға белсенді қатысуға шақырамыз. Сіздің көрсеткен қолдауыңыз – әрбір баланың жаңа оқу жылын қуанышпен қарсы алуына қосқан маңызды үлес.
    Жақсылық жасау – әрқайсымыздың қолымыздан келеді!