Техникалық шығармашылық мектебінде «Мен және менің ұстазым!» атты экологиялық челлендж ұйымдастырылды. Шара барысында тәрбиеленушілер ұстаздарымен бірге Балалар технопаркі аумағына ағаш отырғызды.
Аталған іс-шара Мұғалімдер күніне орай өткізіліп, ұстаздарға құрмет пен алғыс білдіруге, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды.
Челлендж «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Бұл бағдарлама жастардың азаматтық жауапкершілігі мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда білім беру ұйымдарының күш-жігерін біріктіруді көздейді.