Қазақстан Республикасының кеме модельдеу спорты бойынша чемпионаты өз мәресіне жетті!
Техникалық шығармашылық мектебінің кеме модельдеушілер командасын лайықты өнер көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізулерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Команда жетекшілеріне ерекше алғысымыз бен ізгі тілегімізді білдіреміз:
Сергей Михайлович Оконечниковқа,
Максим Петрович Хуторнойға,
Иван Иванович Косаревке.
Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз, мол тәжірибелеріңіз, табандылықтарыңыз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз тәрбиеленушілердің биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын республикалық деңгейде лайықты қорғауына мүмкіндік беріп келеді.
Командаға алдағы уақытта да жаңа жеңістер, жарқын жетістіктер, қызықты жобалар, сарқылмас шабыт, толайым табыс және әрдайым сәттілік тілейміз! Алда бұдан да биік белестерді бағындырып, жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер!