Мемлекет басшысының өкімімен қызметтік міндеттерін орындау кезінде Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Олардың қайғысына ортақтасып, орны толмас қазаға байланысты шын жүректен көңіл білдіреміз.
